Карантинді тоқтату және Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Мыңтомар ауылы "Ербол" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 7211 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 2-04/168 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Мыңтомар ауылының "Ербол" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Мыңтомар ауылы "Ербол" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" № 8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7066 болып тіркелген, 2020 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз ауылдық округінің әкімі Ж. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады