Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22906 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 29.10.2021 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 5 мамырдағы № 1-13/251 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ :

      1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-211) Мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауылдық округінің әкімі К. Айсаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады