Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 16 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 6147 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 29.09.2021 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 08-02-07/125 хатына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бруцеллез" ауруының шығуына байланысты Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Бабата ауылы № 3 көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Созақ ауданы "Жартытөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Б. Есенқабыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады