Шектеу іс-шараларын тоқтату және Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қыркүйекте № 24592 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 маусымдағы № 08-02-07/206 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі, Бабата ауылы № 3 көшесінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6147 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Б. Есенқабыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады